Текст
16.10.2026
Қазақстан Республикасы күні қарсаңында «Ботақан» мектепке дейінгі тобының бүлдіршіндері кітапханаға келді. Олар танымдық шараға қатысып, Отанымызға арналған кітап көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, балалар қызықты викторинаға қатысып, қазақтың халық ертегісін тыңдады, өлеңдер оқыды және жұмбақтар шешті. Осы іс-шаралар арқылы олар туған еліміз – Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен танысып, өз мемлекеті жайлы көптеген қызықты деректерді білді.
Қазақстан – біздің Отанымыз, болашағымыз әрі мақтанышымыз!
Республика күні құтты болсын, сүйікті Қазақстаным!