14.08.2026
Жаз мезгілі— шабытты тудыратын шақ!
Балабақшадағы жазғы маусым — бұл тек ойын мен көңілді ғана емес, сонымен қатар тәжірибелер, таным және, әрине, шығармашылық! Дизайнер мамандығымен танысуға арналған апталық аясында «Ботақан» мектепалды тобында «Жас дизайнер» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Біздің балалар ата-аналарымен және отбасының басқа мүшелерімен бірге өздері армандаған үй моделін жасап шығарды! 🏠✨
Әрбір жұмыс өзінше ерекше, қызықты әрі көз тартарлық болды. Мұнда ертегідегі сарайлар да, заманауи виллалар да, жайлы ауыл үйлері де бар — нағыз қиял қаласы!
Шығармашылықпен бірге өткізген осы тамаша сәттер үшін әрбір отбасына үлкен рахмет! Өйткені, дәл осындай жылы кештер, қолөнер бұйымдарын жасау барысындағы бірлескен еңбек балаларымыздың жадында мәңгі сақталады. ❤️